Түркістаннан тұмар алдым

Түркістаннан тұмар алдым,

Дәстүрімді  жалға деп,

Азаттықтың ақ таңын

Алла өзің  қолда деп.

 

Түркістаннан тәспі алдым,

Иман- шырақ жансын деп.

Жас ұрпақтың жадында

Жәдігерім қалсын деп.

 

Түркістаннан су алдым,

Мәңгүрт ойды жусын деп.

Расулы –хақ  хикметтен

Дана ойлар тусын деп.

 

Түркістаннан нан алдым,

Ырыс ұзақ болсын деп.

Шаңырағы  түркінің

Несібеге толсын деп.

 

Түркістаннан бата алдым,

 Ер түрікті жебе деп.

«Аллаху акбар»  қол жайдым

Ел бірлігін деме деп.

 

Түркістанда  түс көрдім,

Жори кеттім  саралап.

Түгендеді  түркіні

Қыдыр бабам  аралап.

 

Көкірек көзім ашылып,

Құран сөзі оятты.

Жер бесігін  тербеткен

Естіп тұрмын аятты.